Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасы қайта өңдеуге қабылданады
Общество   20.10.2020   553
ӨКМ Операторы істен шыққан ауыл шаруашылығы техникасын (өздігінен жүретін) қайта өңдеуге қабылдау бағдарламасын іске қосады. Агротехникаларды қабылдау осы жылдың 2 қарашасынан басталады. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің келісімімен тозығы жеткен ауылшаруашылық техникасы жеңілдік сертификаттарына алмастырылатын болады. Жеңілдік сертификатының құны агротехниканың (өздігінен жүретін) түрі мен жиынтығына байланысты 560 мың теңгеден 2 миллион теңгеге дейін бағаланады.